Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын Қазақстан халқына ұсынғаны баршамызға белгілі.

Жолдауда Президент Қ.Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық ахуалға назар аударып, экономикалық саясаттың басты бағыттары мен даму тенденциясына ерекше тоқталып өтті.
Қазіргі қиын жағдайда денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелерін жүйелі түрде шешудің маңыздылығына тоқталды.
Президент назарынан сапалы білім беру мәселесі де қалмады. Онда ұстаздарды қолдау саясаты, қашықтан оқыту мәселелері, білім беру жүйесіне білікті мамандарды тарту, ғылымды дамыту, қаржыландырудың заманға сай болу қажеттілігін нақтылап берді.
Өңірлік саясаттың ерекшелігі, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру міндеттерін айқындап берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы саяси жаңғыру мен адам құқын қорғау мәселесіне де ерекше тоқталып, оның даму қарқынына өзінің бағасын берді.
Адам құқын қорғау ісін жетілдіруге бағытталған стратегиялық бағдарламаны одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Жолдаудың аса маңызды саласының бірі «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы», деп аталады. Қазіргі ақпараттық және сандық технология дамып, интернет пен әлеуметтік желі ұлтаралық қатынастарға өз ықпалын тигізіп отырған жағдайда Мемлекет басшысының ресми көзқарасы мен ел ішінде жүргізіп отырған саясаты туралы есту әрбір қазақстандық үшін маңызды деп есептеймін. Басты идея – қоғамның бір ұлт болып ұйыса білуі, өзара сыйластық пен татулық, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Бұл – елімізде жүргізіліп келе жатқан ұлттық саясаттың басты қағидалары.
Тәуелсіздікті баянды етудің, елдің тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етудің басты негізі екенін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақстандықтардың есіне тағы бір салып өтті. Сондықтан да алауыздық пен радикалдық сипаттағы көзқарастардың алдын алып, оларға құқықтық тұрғыдан баға берудің маңыздылығын ескертті.
Адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз, заң бойынша жауапқа тартамыз деген ойын қазақстандықтарға жеткізе білді. Бұл – бекерге айтылған сөз емес. Мұндай ұстанымды қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайтынын да жеткізді.
Осы жолда ел ағаларына, зиялы қауым өкілдеріне де үлкен сенім артып отырғанын айта кеткен жөн. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар беру, бірауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздыру татулық пен келісім кепілі екендігін де еске салды. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл саладағы рөлі ерекше екендігін де ескертті.
Төлеуғали ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ,
ҚХА ҒСК мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды
Өнер • Бүгін, 09:27
Brent маркалы мұнай бағасы өсті
Экономика • Бүгін, 09:19
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 09:13
Нибали үздіктер қатарынан көрінді
Спорт • Бүгін, 09:10
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:07
Хоккей • Бүгін, 09:05
«Астана опера» – әлем назарында
Театр • Бүгін, 09:00
Ербол Шаймерденов атындағы шәкіртақы берілді
Білім • Бүгін, 08:57
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қазақстан • Бүгін, 08:52
Білім • Бүгін, 08:50
Ғалымдар мұғалімдерге кеңес берді
Ғылым • Бүгін, 08:48
Семіздіктің бала болашағына зардабы көп
Қоғам • Бүгін, 08:45
Медицина • Бүгін, 08:43
Неонаталды хирургия: Ұлт мүддесі – ұрпақ саулығы
Медицина • Бүгін, 08:39
Ел дамуының болашағына арналды
Қазақстан • Бүгін, 08:36
Азаматтар құқықтарын қорғау күшейтіледі
Қазақстан • Бүгін, 08:33
БҰҰ өкілімен алдағы референдумды талқылады
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Түзетулерді қарапайым тілмен жеткізу қажет
Референдум-2022 • Бүгін, 08:27
Көрші елдермен тату болу маңызды
Пікір • Бүгін, 08:24
Пікір • Бүгін, 08:20
Ауғанстандағы тұрақсыздық алаңдатады
Пікір • Бүгін, 08:15
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар