Парламент • 16 Қыркүйек, 2021

Серікбай Трұмов Сенат депутаты ретінде ант берді

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан халқы алдында ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серікбай Трұмов Сенат депутаты ретінде ант берді

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының жарлығымен Серікбай Трұмов Сенат депутаты болып тағайындалды.

Ол жұмысшыдан басталған еңбек жолында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, сондай-ақ қала әрі облыс әкімі сияқты жауапты қызметтерді атқарып, туған өңірінің өсіп өркендеуіне зор еңбегін сіңірді. Енді біздің қатарымызға қосылып отыр», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда С.Трұмов депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді ол.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары С.Трұмовты Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің құрамына сайлады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15