Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2021

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қонның жолы кесілді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қонның жолы кесілді

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, департамент қызметкерлері тұрғын үйден жалған құжаттар (026/у нысанына сәйкес диагноз бен емделу мерзімін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тестілер) жасайтын «жасырын» цех ашқаны анықталған. Оларды короновирус пандемиясына байланысты карантин шектеулер қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына сатқан.

Жүргізілген тінтулер барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды.

Осы дерек жөнінде ҚР ҚК-ның 394-бабы 2-бөлігі «Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон» дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.