Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстан қауіпсіздікке жауапты ел ретінде танылып келеді – Дариға Назарбаева

218 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еуразия медиафорумы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева XVII форумның ашылу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан қауіпсіздікке жауапты ел ретінде танылып келеді – Дариға Назарбаева

«Биыл біздің еліміз үшін ерекше мәнге ие – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы өтеді. Тәуелсіздіктің 30 жылы – бұл бейбітшіліктің 30 жылы, жасампаздықтың 30 жылы және заманауи мемлекеттілік пен азаматтық қоғам институттарын құрудың 30 жылы. 30 жыл бұрын Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкелді. Бұл жылдары бауырлас республикалардағы өмір әр түрлі өтті. Бір қарағанда, кейбір жалпы заңдылықтарды бөліп көрсету оңай емес, бастапқы позицияларда да, одан кейінгі векторлар мен даму қарқынында да үлкен айырмашылықтар бар. Бірақ соңғы 30 жылдың тарихы тұрақты, саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйелер, саяси және азаматтық мәдениет пен даму траекториясы әлі қалыптаспаған дамушы әлемде мемлекет басшысының еркіне, Ұлт көшбасшысына және ұлттың өз ерік-жігеріне өте тәуелді екенін дәлелдеді деп санаймын», деді Дариға Назарбаева XVII Еуразия медиафорумының ашылуында.

«Әр түрлі саяси жүйелердің артықшылықтары туралы теориялық пікірталасқа қатысуға болады, тарихтың дамуы туралы пайымдауға болады. Иә, бастапқы жағдайлар, табиғи ресурстар үлкен рөл атқарады, бірақ ең басты рөлді – көшбасшының тұлғасы, елдің әлемдегі орны мен оның болашағы туралы көзқарасы алады. Қазақстан бұл тұрғыда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында айрықша орын алады. Елбасының басшылығымен біздің еліміз қысқа тарихи кезеңде шынайы тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке қол жеткізудің, толыққанды қазіргі заманғы экономика мен серпінді дамып келе жатқан әлеуметтік саланы құру жолынан өтті. Бұл оңайға соқпайтын күрделі жол. Біздің еліміз сол жолда барлық қиындықтар мен проблемаларды түсіне отырып, алға дамып келеді. Өйткені, өздеріңізге белгілі, жолды жүрген адам ғана еңсереді»,  деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі Қазақстан – әлемдік саясатта да, Орталық Азия өңірінде де белсенді ұстанымы бар мемлекет.

«Соңғы 30 жылда Қазақстан өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты мемлекет ретінде танылып келеді. Қиын сәтте біз әрдайым бауырлас республикаларға көмекке келдік, азық-түлік, астық, отын, техниканы бөлістік. Ауғанстанда болып жатқан үдерістер бәрімізді алаңдатады. Ауғандық реттеу, осы елдің бейбіт дамуы тақырыбы бірнеше рет біздің форумның басты назарында болды»,  дейді Д. Назарбаева.

Дариға Назарбаева қазіргі Еуразиялық медиафорумның диалог пен өзара түсіністіктің маңызды алаңына айналатынына сенім білдірді.

«Ауғанстанның қайғылы мысалы көрсеткендей, қандай жақсы ниетпен жасырса да, бақыт пен өркендеуді шетелдік найзамен алып келу мүмкін емес», деді Д. Назарбаева.