Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021

Аида Балаева: Кибербуллинг заңмен ауыздықталуы тиіс

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XVII «Еуразиялық медиафорумда» ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Ақпарат министрі ғаламтордағы кибербуллинг мәселесіне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева: Кибербуллинг заңмен ауыздықталуы тиіс

«Интернеттің белсенді дамуына байланысты бүгінде әлем кибербуллинг мәселесіне тап келіп отыр. Арандатудың кез келген түрі сияқты кибербуллинг те агрессияның бір түрі болып табылады, сондықтан ол заңмен ауыздықталуы тиіс. Министрлік бұл бағытта жоспарға сай жұмыстар жүргізіп жатқаны сөзсіз. Біз әлеуметтік желінің ішкі ережелерін құрметтейміз. Дегенмен біз адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін теріс мазмұндағы контент ашық әрі қолданыста болып қала бермеуі керек деп санаймыз. БҰҰ қабылдаған қарардағы адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының кіріспесі де дәл осы құндылықтарды сөз етуден басталады емес пе», деді министр.

Айта кетсек, Мәжілісте шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектейтін нормалары бар балалардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы қарастырылуда.