Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстан елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Палестина Президенті Махмуд Аббасқа Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Рәсім онлайн-форматта өтті. Қазақстандық дипломат Палестина басшысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ А.Туматов өз сөзінде Қазақстан басшылығының екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті бағытын растады.

Өз кезегінде Махумуд Аббас Елші А.Туматовтың жаңа қызметіне табыс тілеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Достық сәлемін жеткізді. Босния және Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Малайзия, Бангладеш және Ирак елшілері Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды. Қазақстанның Палестинамен қарым-қатынасына Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жетекшілік етеді.

грамота