Парламент • 16 Қыркүйек, 2021

Мәжіліс депутаттары Ресейдегі Парламент сайлауына байқаушы болады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары үстіміздегі жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында өтетін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының VIII шақырылымы депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады, деп жазады Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары Ресейдегі Парламент сайлауына байқаушы болады

Делегацияны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы желісі бойынша халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі Арман Қожахметов басқарады.

Қазақстандық делегацияның құрамында ТМД ПАА тарапынан Берік Бекжанов, Мемлекеттік Думаның шақыртуы бойынша Мәди Ахметов және Вера Ким тәуелсіз байқаушы ретінде қатысады.

Мәжіліс депутаттарының Мәскеу мен Мәскеу облысындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру барысын бақылауы жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекеттік Думадағы және Орталық сайлау комиссиясындағы саяси партия фракцияларының жетекшілерімен кездесулер өткізу жоспарланған.

Қазақстандық Парламент өкілдері  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының қорытынды кеңесіне және Қорытынды құжаттарды дайындау үшін ТМД байқаушылар миссияларын үйлестірушілер кеңесіне қатысу да жоспарда бар.