БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 қыркүйек күні қалаға қарасты Ветелки ауылында болған. Сағат 13.45-те орманға таяу жерден белгісіз әйелдің денесі табылды. Кім екендігін және өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.