Тағайындау • 16 Қыркүйек, 2021

СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Оларды өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов әкімдік жиынында таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

СҚО жер инспекциясына енді Бақытжан Бекіш жетекшілік етпек.

Бақытжан Серікұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары, 2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «юриспруденция бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимское ауылының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болып бастап, сол ауданда бірқатар лауазымды қызметтерді атқарды.

2016-2021 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысының орынбасары-мемлекеттік инспекторы болып еңбек етті.

Сондай-ақ СҚО экономика басқармасына Қуанышбек Қалижанов тағайындалды. Қуанышбек Серікұлы 1981 жылы СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Көкшетау есеп-сауда колледжiн және 2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 2004 жылы СҚО статистика басқармасының Ақжар ауданы Талшық ауылдық округiнiң маманы болып бастады.

2012 жылдан 2015 жылға дейiн ҚР ҰЭМ Статистика комитетi СҚО статистика департаментiнiң Ақжар ауданының статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2015 жылдан 2021 жылға дейiн СҚО статистика департаментi басшысының орынбасары болды.