Футбол • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 4 саты жоғарылады

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151 ұпай бар, деп жазады Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 4 саты жоғарылады

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) тұр. Екінші орында Бразилия (1811) болса, үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді.

ФИФА рейтингі (16.09.2021):

1. Бельгия – 1832 ұпай

2. Бразилия – 1811

3. Англия – 1735

4. Франция – 1754

5. Италия – 1735

6. Аргентина – 1725

7. Португалия – 1674

8. Испания – 1673

9. Мексика – 1666

10. Дания – 1658

27. Украина – 1520

55. Финляндия – 1407

57. Босния және Герцеговина – 1405

119. Нигер – 1156

120. Казақстан – 1151

121. Жаңа Зеландия – 11491.