Спорт • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық гандболшылар екі мәрте алға озды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амманда (Иордания) әйелдер арасында гандболдан Азия біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық гандболшылар екі мәрте алға озды

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екінші ойын күнін Қазақстан құрамасы қайта ашты.

Қазақстандық гандболшылар Гонконг спортшыларын 31:29 есебімен талқандады.

Ал, 15 қыркүйекте өткен бірінші турда қазақстандықтар Сингапурды 33:18 есебімен жеңген.

Демалыс күнінен кейін қазақстандық команда өзбекстандық командамен ойын өткізбек. Қазақстандық команданың тағдыры осы кездесудің нәтижесіне байланысты, жеңіске жеткен жағдайда біздің гандболшыларымыз Азия Чемпионатының жартылай финалына жолдама алады.

Топтағы көшбасшылық үшін соңғы және негізгі ойын Оңтүстік Кореямен болуы мүмкін. Бұл матч 19 қыркүйекке белгіленген.

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30