30 Қаңтар, 2014

Еліміздің бірқатар аймақтарында бұрқасын болады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-01-14-pogoda-21Бүгін, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының құбылмалы сипаты сақталып қалады, кей жерлерде қар жауып, соңы бұрқасынға ұласатын жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түсіп, тайғақ болады. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Батыс және қиыр шығыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз аяз тұрады деп күтілуде. Жалпы, ауа райын бақылайтын қызметтің дерегіне жүгінсек, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метрлік жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, тайғақ болады. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 15-20метрге жетеді деп күтілуде. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, тайғақ болса, желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, тайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің соғуы секундына 15-20 метрге жетпек. Сондай-ақ оның таңертеңгі және күндізгі екпіні 23 метрге баруы мүмкін.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын мен тайғақ болса, желдің екпіні 15-20 метрге теңеседі. Ал Атырау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 метрге жетпек. Сонымен қатар Ақтөбе облысында күшті аяз болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күшті аяз тұрады. Маңғыстау облысының кей аудандарында да осындай күшті аяз болатындығы айтылды.

Әбдірахман Қыдырбек.

Дереккөз: Ras.kz.

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар