Спорт • 16 Қыркүйек, 2021

Әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық құзға өрмелеуден Мәскеуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты

«Жылдамдық» бойынша өткен іріктеуде Әмір Маймұратов пен Ришат Хайбуллин финалға өтті. Маймұратов 11-орын алса, Хайбуллин 16-орыннан көрінген. Бұл екі спортшының финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бүгін жарыс жолына шыққан Бекнұр Алтынбеков 23, Матвей Есипов 33, Роман Костюков 36-орынға табан тіреді.



Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15