Экология • 16 Қыркүйек, 2021

«Көлсай көлдері» паркі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 15 қыркүйекте ЮНЕСКО қазақстандық «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін өзінің дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Көлсай көлдері» паркі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік желісіне енгізілді

Мұндай шешім ЮНЕСКО бағдарламасының «Адам және биосфера» халықаралық үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында қабылданды.

 

Қазақстандық «Көлсай көлдері» өтінімінің елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиологиялық шектеулер жағдайында дайындалғандығы ерекше назар аударуға тұрарлық. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының биосфералық резерваттарының Ұлттық желісі тағы бір биосфералық резерватпен толықтырылды.

 

Осылайша, бүгінгі таңда ЮНЕСКО ұлттық желісінің Қазақстандағы биосфералық резерват саны – 13. Бұл сан Орталық Азияның басқа елдеріндегі биосфералық резерваттар санынан едәуір асып түседі. Биосфералық резерваттар көлемінің осылай танылуы Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аударғанын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға ұмтылатынын айғақтайды