Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 37 жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі. Жалпы, соңғы үш жылда үшінші әлеуметтік бастама шеңберінде елімізде 85 жаңа жатақхана іске қосылып, 22 мыңнан астам студент қоныстанды. Айта кеткен жөн, соңғы 10 жылда елімізде тек 8 жатақхана салынған.

«Министрлік Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында студенттер жатақханаларын салу мен қайта құру қарқынын жеделдетудің жаңа тетіктерін әзірледі. Атап айтқанда, жатақханалар нысаналы құрылыс және жоғары оқу орындарының өз қаражаты есебінен, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша салынады. Яғни инвесторлар өз қаражатына жатақхана салады, ал министрлік оларға мемлекеттік тапсырысты орналастырып, студенттің әрбір жатын орнын төлейді», деді Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығының президенті Асқар Ибраимов.
Мұндай алгоритм студенттік жатақханалар санын едәуір арттыруға және студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді. Құрылыс жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласында, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында белсенді жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жеке инвесторларды қосымша ынталандыру үшін мемлекеттік тапсырыс көлемін
47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл қалаларда жатақханаларға аса қажеттілік байқалады. Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 5 жылға дейін қысқарту жөнінде ұсыныс әзірленді.
Жоғары оқу орындары мүмкіндіктеріне қарай өз қаражаты есебінен жатақхана салады. Кейбір оқу орындары тұрғын үй, жатақханалар мен қонақ үйлерді жалға алу арқылы студенттердің тұрғын үйге деген қажеттілігін төмендетіп жатыр. Бүгінгі таңда 13 жоғары оқу орны 5 мың студенті үшін жатын орындарды жалға алды. Келесі жылы 60-қа жуық студент үйі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар