«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. БҒМ-ге бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді», деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ЖОО профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды. Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогикалық жүктеменің максималды көлемі белгіленді.