Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021

Жастарға неке куәліктерін тапсырды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отбасы күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «Бәйтерек» монументінде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық әкімдігі ұйымдастырған неке қию туралы куәліктерді ұсыну рәсіміне қатысты.

Жастарға неке  куәліктерін тапсырды

Елорданың белгілі нышаны саналатын «Бәйтерек» мону­ментінде жеті жас жұпқа салта­нат­ты түрде неке қию туралы куәліктері ұсынылды. Отба­сы құрған жастар – Нұр-Сұл­тан қаласының мұғалімдері, кәсіп­керлері және студенттері. Вице-министр статистика бо­­­йынша Қазақстанда некенің ең көп са­ны күзгі кезеңде тіркелгенін атап өтті. Бұл маусымда қазақ­стан­дықтар еліміздегі отбасы мей­­рамын атап өтеді.

А.Умаров отбасылық құн­ды­лықтар мен дәстүрлер қо­ғам мен еліміздің негізі, тұл­ға­ның тәрбиеленуі мен қа­лып­тасуының қайнар көзі екен­дігін атап өтті.

«Біздің еліміз отбасы құн­ды­лықтарын қолдау саясатын ұстанады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында дарынды балаларды қолдауға, оқу­шыларды ерте кәсіби бағ­дар­лауға ерекше назар аударды. Гендерлік теңдікті қам­та­ма­сыз ету, қоғамдағы әйелдердің эко­но­ми­калық және саяси ұста­ны­мын ілгерілету бойынша бел­сенді жұмыс жүргізілуде. Әлеу­мет­тік реформаларды ескере отырып, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жаңартылатын болады», деді А.Умаров.

2013 жылы Қазақстандағы Отбасы күні мереке болып бекі­тіл­ді және қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.