Қоғам • 17 Қыркүйек, 2021

Еңбек нарығына арналған ұлттық баяндама

677 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ талдаушылары «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа шынайылық жағдайындағы даму» атты алғашқы ұлттық баяндаманы да­­­­йындады. Онда жаһандық трендтер, ағымдағы сын-қатерлер, экономикада және еңбек нарығында болып жатқан, оның ішінде СOVID-19 пандемиясының әсерінен болған өзгерістер, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау туралы өзекті ақпарат жинақталған, кадрлардың болашақ бәсекеге қабілеттілігі үшін негізгі факторлар айқындалған.

Еңбек нарығына арналған ұлттық баяндама

Қазіргі уақытта әлем әлеу­мет­тік, технологиялық, экон­о­микалық және саяси сипаттағы жа­һандық трендтердің әсерінен тез өзгеруде, ал COVID-19 пан­­демиясы экономикалық өз­ге­­рістерді тездетті. Еңбек на­­­рығы да болып жатқан өзге­ріс­терге бейімделуде: жұмыс­тың, кәсіптің жаңа форматтары пайда болуда, еңбек ре­сурс­тарының дағдыларына қойы­ла­тын талаптар күшеюде. Бұл өзгерістердің маңыздылығы олар­­дың өздерінде емес, еңбек на­ры­ғының барлық қаты­су­шы­лары – жұмыс берушілер, азаматтар, Үкімет үшін салдарларында жатыр.

«Тиімді шаралар мен стратегияларды әзірлеу үшін қазір­гі ұлт­тық сын-қатерлерді, жа­­һандық трендтерді және олар­­дың экономикаға, еңбек нары­ғына және азаматтардың өзде­ріне қалай әсер ететінін түсінген маңызды. Сондықтан осы мә­се­ле­лердің барлығын жан-жақ­ты зерделеу қажет. Осы мақ­сат­та біз Қазақстанның еңбек нарығы туралы алғашқы ұлттық баяндаманы дайындадық, онда оның қазіргі жай-күйі және қазіргі жа­ғ­дайдағы даму перспективалары туралы өзекті ақпарат жи­нақталған», деді ЕРДО пре­зи­денті Дәулет Арғындықов.

Баяндама алты тараудан тұ­рады, олардың әрқайсысы еңбек нарығына қатысты бел­гі­лі бір тақырыпқа арналған. Талдау нәтижелері бойынша ұлттық еңбек нарығына қан­дай да бір түрде әсер ететін жа­һан­­дық трендтер анықталды. Мы­салы, Қазақстанда жұмыс орындарының жартысынан көбі (52%) автоматтандырудың жоғары немесе елеулі тәуекеліне ұшырайды, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен (47%) біршама жоғары.

Бұл көптеген қазақс­тан­дық­­тардың қайта мамандануға не­месе сұранысқа ие жаңа дағ­ды­ларды, бірінші кезекте, цифрлы, когнитивтік және әлеуметтік-мінез-құлық дағ­ды­ларын игеруге мәжбүр бола­ты­нын білдіреді. Сондықтан бүгінгі таңда адами капиталды дамытуды ерте балалық шақтан бастап белсенді қартаюға дейін өмір бойы оқыту тұрғысынан қарастырған жөн. Бұл үшін, ең алдымен, ресми, бейресми және қашықтықтан білім беру сипаттамаларын біріктіретін икемді және арзан оқыту нұсқалары қажет.

Бұдан басқа, жұмыс күшінің құрылымы өзгеруде, оның басым бөлігін Қазақстанда 2025 жылға қарай Цифрлы са­уат­­тылық пен digital ортаға тар­ты­­лудың жоғары деңгейімен ерек­ше­ленетін миллениалдар мен
z буыны (63%) құрайтын болады. Есеп жаңа ұрпақ ретінде қарастырылады және олардың құндылықтары еңбек нарығын өз қажеттіліктеріне қа­­рай өзгер­те­ді.

Сонымен бірге, ұлттық есеп қандай да бір жолмен COVID-19 пандемиясының эко­но­­микаға және еңбек нарығына әсер ету салдарын бағалау тө­ңі­­­регінде құрылған. Екі он­жыл­­дықта алғаш рет ІЖӨ-нің өсу қарқыны теріс болды, ал жұмыссыздықтың жаппай өсуі орын алмады, ал ЕРДО сарапшылары бұл құбылысты толық түсіндірді.

Баяндаманың басты ерекше­лік­терінің бірі – Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нис­трлігінің ақпараттық жүйе­лерінен алынған деректерді талдау нәтижесінде алынған бірегей ақпаратқа қол жеткізу. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жыл­дар­ға арналған «Еңбек» мем­ле­кеттік бағдарламасын іске асырудың егжей-тегжейлі нәти­же­лері алғаш рет жарияла­нып отыр, оған 2,7 млн-ға жуық адам қатысты, тіркелген жұ­мыс­сыз­дың «портреті», тартылатын ше­телдік жұмыс күші туралы ақ­парат және тағы басқалар.

«Баяндаманы дайындау бары­­сында біз тәуелсіз зерт­теу­ші­лер ретінде сөз сөйледік. Біз тұжырымдарымыз бен ги­по­­тезаларымызды тек тексе­ріл­ген ақпарат, ресми және ве­домстволық статистика, ха­лық­аралық танылған жария­ла­­нымдар негізінде қалып­тас­­тырдық. Сондықтан біз ең­­бек нарығындағы барлық сын-қатерлерге назар аударып, тиімді шешімдерді бірлесіп та­бу үшін олар туралы ашық жазамыз. Мысалы, біздің тал­дауымыздың нәтижелері жер­гі­лікті еңбек нарығы білім беру бі­ліктіліктерін тиісінше ма­ра­­паттамайтынын к­өрсетті. Дәрігер мен автокөлік жүр­гі­зу­шісінің орташа табы­сын­дағы айырмашылық Қазақстанда 31% құрайды, ал Германияда – 172%, Бразилияда – 174%, АҚШ-та – 261%», деді баян­да­ма авторларының бірі, ЕРДО басқарушы директоры Александра Молчановская.

Баяндама үшін ақпарат көздері – Ұлттық статистика бюросының материалдары, Ұлттық есептер, қызықты шетелдік кейстер, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйы­мы, ЭЫДҰ, Big 3 және Big 4 компаниялары сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардың жа­рия­­ланымдары. Белгілі бір мә­се­ле бойынша әртүрлі пікір­лер мен көзқарастарды көрсету үшін түрлі салалардағы 20-дан астам халықаралық және ұлттық сарапшылардың пікірлері жи­нақ­талды.

«Біз ақпараттың көптігі дә­уі­рінде өмір сүреміз, бірақ көбі­несе осындай үлкен ақпа­рат ағынында дәлелденген көз­дерді табу, сондай-ақ бізді қызық­ты­ратын барлық жарияланымдарды оқуға уақыт табу оңай болмай жатады. Сондықтан баян­да­мада әртүрлі көздерден ең өзекті және қызықты ақпаратты жи­науға, ағымдағы жағдайды ста­тистикалық көрсеткіштер не­гізінде ғана емес, соны­мен қатар сараптамалық қоры­тын­ды­лар негізінде көрсетуге және бәрін түсінікті, қолжетімді түр­де ұсынуға тырыстық. Се­бе­бі еңбек нарығын дамыту мәселелері мемлекет үшін ғана емес, әрбір адам үшін де маңызды», деп атап өтті А.Молчановская.

Еңбек нарығы туралы ұлт­тық баяндаманы өзекті тақы­рып­тар бойынша жыл сайынғы негізде жариялау жоспарлануда. Ақпараттың ашықтығы – мемлекеттік саясат шарала­рын іске асыру процесіне аза­маттардың кең ауқымын тарту­дың кепілі.

«Бұл баяндама еңбек нарығы туралы объективті ақпараттың ашық көзі және азаматтарға ағымдағы жағдайды, осындай маңызды тақырып бойын­ша трендтерді түсінуге, ал мем­ле­кеттік органдар мен сарап­тамалық қоғамдастыққа жаңа шы­найылық жағдайында ең­бек нарығын дамыту бойын­ша тиімді стратегияны бір­ле­­сіп әзірлеуде материалдарды одан әрі талқылау үшін пай­да­лануға мүм­кіндік береді деп үміт­те­не­міз», деді ЕРДО басшысы Дәулет Арғындықов.

«Қазақстанның еңбек нары­ғы: жаңа шынайылық жағ­да­йын­да даму» ұлттық баяндама­сын ЕРДО сайтында оқуға болады.