Әлем • 17 Қыркүйек, 2021

ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің "Спутник V" вакцинасын қарау процедурасын тоқтатты. Бұл туралы брифингте ДДСҰ  жанындағы Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасары Ярбас Барбоса мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ «Спутник V» вакцинасын мақұлдау процесін тоқтатты

Оның айтуынша, қазіргі уақытта препаратты мақұлдау туралы өтініш тоқтатылған. Бұл еуропалық реттеушінің өкілдері инспекция барысында Ресейдегі зауыттардың бірінде бірқатар өндірістік бұзушылықты анықтағаннан кейін орын алды.

«Sputnik V-ді төтенше жағдайларда (EUL) пайдалану үшін тізімге енгізу процесі тоқтатылды, өйткені вакцина жасалатын зауыттардың бірін тексеру кезінде оның тиісті өндірістік тәжірибеге сәйкес келмейтіні анықталды», деп түсіндірді Ярбас Барбоса.

Бұл жерде фармкомпанияларға қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптар – Good Manufacturing Practices (GMP) айтылған. Фармацевтикалық өнімдерді жасаумен айналысатын кәсіпорындар тиісті өндірістік практика стандарттарын ұстануға міндетті.

Директордың орынбасары сонымен қатар бұл процедура ресейлік тарап барлық белгіленген кемшіліктерді толығымен жойғаннан кейін ғана жалғасатынын айтты. Бұдан кейін ДДСҰ өкілдері тағы бір тексереді.