Президент • 17 Қыркүйек, 2021

ШЫҰ дамудың жаңа кезеңіне шығады – Қ.Тоқаев

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымы өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне шығады. Бұл туралы Душанбеде өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШЫҰ дамудың жаңа кезеңіне шығады – Қ.Тоқаев

«Биыл ұйымымыз үшін атаулы жыл. 20 жыл бұрын тарихи қадам жасалып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы декларация қабылданды. ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүкіл әлемге Еуразия кеңістігіндегі халықтардың қауіпсіздігі, дамуы, және гүлденуі үшін тиімді ынтымақтастыққа ұжымдық ерік-жігерін паш етті.

Орталық күш-жігеріміздің арқасында ШЫҰ әлемдегі ең табысты әрі беделді өңірлік бірлестікке айналды. ШЫҰ жауапкершілігі аймағында ауқымды демография, қаржы, шикізат ресурстары сонымен қатар қуатты технологиялық әлеует шоғарыланған», деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті қомақты нормативтік-құқықтық база қалыптасып, барлық деңгейде тиімді өзара іс-қимыл тетіктері құрылғанын баса айтты.

«Ұйымның халықаралық байланысты қарқынды түрде кеңеюде. Үндістан мен Пәкістанның қосылуы ШЫҰ-ны күшейте түскені сөзсіз.

Оның қызметіне нақты трансеуразиялық сипат берді. Иранды қабылдау процедурасын бастау туралы шешім, сондай-ақ Мысыр, Сауд Арабиясы мен Катарға диалог жөніндегі әріптес мәртебесін беру ұйымға жаңа өлшем – таяушығыстық сипат береді. Мұның барлығы да ынтымақтастықтың Шанхай рухының өзектілігі мен бірегейлігін дәледейді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ШЫҰ ашық әрі транспарентті құрылым болғанын және солай болып та қала беретіндігін, қызметі өзге елдер мен блоктардың мүддесіне қарсы бағытталмағандығын атап өтті.

«Енді Шанхай ынтымақтастық ұйымы өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне шығады», деді ҚР Президенті.