Президент • 17 Қыркүйек, 2021

QazVac гуманитарлық көмек ретінде көрші елдерге жеткізілді - Қ.Тоқаев

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Бұл туралы Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

QazVac гуманитарлық көмек ретінде көрші елдерге жеткізілді - Қ.Тоқаев

«Коронавируспен күрес біздің күнтәртбіміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып қалып отыр.

Пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ бойынша әріптестер шындығында ынтымақтастықтың «Шанхай рухын» танытқанын зор қуанышпен атап өтемін. Осы ретте өзара гуманитарлық көмек көрсетілді. Пандемияға қарсы іс-қимылда батыл бетбұрыс халықты жаппай иммундауға үйлестірілген қадам жағдайында ғана мүмкін болады», деп тоқталды Қазақстан Президенті.

Осы орайда Мемлекет басшысы көмекке мұқтаж тараптарды елеусіз қалдыруға болмайтынын қадап айтты. Бұл тұрғыда Қазақстанның салмақты ұсыныстары бар.

«QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз препаратты гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізе бастадық», деді Қ. Тоқаев.