Оқиға • 17 Қыркүйек, 2021

Алматыда мектеп оқушысы жоғалып кетті

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда мектеп оқушысы жоғалып кетті

Жасөспірім 16 қыркүйек күні Алатау ауданындағы №91 мектептен кешкі уақытта шығып кеткен.

«Үстінде қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ түсті кроссовка, қолында рюкзак болған. Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа. Бойы - 160-165 см», деп хабарлады еріктілер.

Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы құзырлы органға түнде шағымданған.

«Қазіргі уақытта іздеу шаралары ұйымдастырылды. Мән-жай анықталып, қыздың жан-жағындағы адамдардан сұрастырып жатырмыз», деп атап өтті Алатау аудандық полиция басқармасы.

Соңғы жаңалықтар

Көзді емдейтін құрылғы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Талдықорған түрленіп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Телефон тәрбиелеген буын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Көмірмен көмкерілген әшекейлер

Кәсіпкер • Бүгін, 07:55

Жаңғырған «Абай»

Театр • Бүгін, 07:50

Көне түркі шежіресі

Жәдігер • Бүгін, 07:40

Ядролық зымыран

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35