31 Қаңтар, 2014

Жаңа аурухана ашылды

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Балқаш ауданының жұқпалы аурумен ауыратын тұрғындары бұрындары Қаскелең қаласына барып, емделетін. Аудан орталы­­­­ғынан 100-200 шақырым қашық­­тықта орналасқан Құйған, Жиделі, Қарой, Көктал тәрізді елді мекендерде тұратын науқастарды жол азабымен қатар, қаражат жағы да біршама қинайтын. Осыны ескерген аудан әкімі Бейсеғали Жүнісов жауапты жоғары орындар алдына осы мәселені оң шешуді табандылықпен қойып жүрген-ді. Олай дейтін себебіміз, жұқпалы ауруларды емдейтін аурухананы ашу үшін облыстық бюджеттен 2011 жылы 31 миллион теңге бөлін­ген болатын. Ескі аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өткізіл­генімен, оны ашуға ол жылы штат бірліктері бөлінбеді. 2012 жылы 3 миллион теңгеге кари­зі қайтадан жасалынды. Сөйтіп, жақында ғана ол аурухана Балқаш ауданы тұрғындары үшін есігін айқара ашты.

Оның ашылуына арналған салтанатқа Бақанас селосының тұрғындары көп жиналды. Аудан әкімі Б.Жүнісов тұрғындарды қуа­­­­ныштарымен құттықтағаннан кейін аудандық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Ұ.Несіпбаев ағы­нан жарылып, батасын берді. Көркемөнерпаздар ән салды.

Жақанбай ҚОЖАБАЕВ.

Алматы облысы,

Балқаш ауданы,

Бақанас селосы.