31 Қаңтар, 2014

Ұлытау саяхатшыларды күтеді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тарихи тамыры терең, табиғаты да көрікті Ұлытау туризмді да­­мы­туға сұранып тұрғандай өлке саналады. Соған орай соңғы жыл­дарда ауданда бұл саланы өріс­­­­те­туге бағытталған іс-шаралар жан-жақты қолға алынып отыр. Со­ның бірі «Ұлытау-Ел» атты туристік-сауықтыру орталығы құ­рылысының басталуы болып табылады. Сол үшін бөлінген 3 гектар жерге Ұлытау селолық округі шеңберінде қосымша берілген 5 гектар бұрынғы бос орында алыс-жақыннан келушілерге барлық жағдай жасалған орналасу, қызмет көрсету орындары бой көтереді. Мұнда көне күмбездерді, тарихи ескерт­кіштерді ат мініп аралап, та­машалауына мүмкіндік туғы­зылады. Сонымен бірге, отан­­­­­­­­дық және шетелдік меймандар ұлт­тық ежелгі өнер үлгілерімен, салт-дәстүр түрлерімен таныса алады. Бұл іске ұйытқы болушы аудан­дық «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғат мұражай қоры бастамашылығымен жергілікті туризмді алысқа танытуға арналған басқа да жобалар іске асырылады. Аймақтың ең шалғай өңіріне саяхатшыларды көптеп тарту елеулі өзгерістер әкелмек. Дайындық жұмыстары аясында бірнеше азамат туризмдік қызметтің қыр-сырын үйрену үстінде. Жүр­гізіліп жатқан келісімдерге сәйкес жаз шыға Еуропа елдерінен саяхат­шылардың алғашқы тобы келіп, ол күзге дейін толастамауы тиіс. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.