Ақтөбе облысы бойынша барлығы 522 мыңнан астам адам вакцина салдыруға қабілетті. Қазіргі кезде 305 мыңнан астамы бірінші, ал 252 мыңы екінші компонентін де салдырды.
«Қазіргі кезде вакцина салдыратын адамдардың тең жартысына жуығы иммундалды. Барлық емханада вакцинациялау пункті бар. Сонымен бірге теміржол вокзалы, әуежай мен «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында вакцинациялау пункті ашылды. Үшеуінде сағат 9:00-18:00 аралығында дәрігерлер жұмыс істейді», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.