31 Қаңтар, 2014

Ортақ мүдде ұраны

538 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

agrarka1Елордадағы С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық уни­верситетінің студенттері Елба­сының биылғы халыққа арнаған Жолдауын қолдау мақсатында «Бірлігі жарасқан жастар – Мәң­гі­лік Елдің болашағы» атты пат­риот­тық акция өткізді. Шара барысында оқу ордасының 2050 студенті ел Әнұранын қосылып шырқады. Сондай-ақ, театрландырылған көрініске де екі мыңнан астам студент қатысты. Думанды жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ер­таев, университет ректоры Ақыл­бек Күрішбаев қатысты.

agrarka6

Студенттер алдында сөз ал­ған Ба­қыт­жан Ертаев жалынды жастарды өзінің пат­риоттық сөз­дері­мен жігерлендіре келе, оларға рухты елдің ұландары екенін жеткізді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» ат­ты Жолдауын ел халқы ыс­тық ықыласпен қабылдады. Жа­сам­паздықтың жаршысы болған, республика халқына жол тартқан Жолдау бұл жолы ел дамуының 2050 жылға дейінгі Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталды. Елбасының «Мәңгілік Ел» идея­сы баршамызды бір мақсатқа, ауызбірлікке, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналдыруы тиіс деп ойлаймын. «Мәңгілік Елдегі» басымдықтар барлығымыз үшін орындалатын ортақ мақсат әрі абыройлы міндет. Осы ортақ мақсатқа аянбай қызмет етуде университеттің білімді жастары мен оқытушылар құрамы тыс қалмай, белсенділік танытуы тиіс деп санаймын. Президентіміз айтқандай: «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»», – деді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.

Басқосуда студенттер шы­ғар­ған «Ел­басым – Ел тірегім» атты рэп сти­ліндегі жаңа әннің тұсауы кесілді. Думанды шара ұлт аспаптар оркестрі қыз-жігіттерінің дом­быра шанағынан төгілткен күм­бір­леген күйімен өз жалғасын тапты.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

––––––––––––––

Суреттерді түсірген

Ерлан ОМАРОВ.