Жамбыл өңірінде игі бастамаларға барынша қолдау көрсетіп, қолда барын көпшілікпен бөлісіп келе жатқан азаматтар баршылық.

Қоғамда қайырымды жандарға құрмет те бөлек. Аймақтағы Атымтай Жомарт азаматтарды көпшілікке үлгі ету мақсатында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында төртінші жыл қатарынан «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталып келеді. «Жомарт жүрек» қайырымдылық саласындағы бұл сыйлық Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірге елімізде қайырымдылық қызметін дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды іздестіру және көтермелеу, оларға қоғамдық назар аудару мақсатында тағайындалған.
Дәстүр бойынша, Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Жомарт жүрек» сыйлығының облыстық кезеңдегі лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында Бердібек Сапарбаев қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысып келе жатқан азаматтарға алғыс білдірді. «Қайырымдылық – біздің қасиетті құндылығымыз. Біз қашаннан бір-бірімізді қолдап, көмек көрсетіп, мейірімділік танытып келеміз. Сонау ашаршылық, соғыс кезінде де ата-бабаларымыз ұлтына, тіліне қарамай көпке көмек көрсетіп, қол ұшын бергені белгілі. Сол игі дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Жомарт жүрек» жобасы біздің өңірімізде де табысты жүзеге асып келеді. Қамқорлықты қажет ететін отбасыларға біздің демеушілеріміз, кәсіпкерлеріміз үнемі қайырымдылық танытып келеді. Бұдан бөлек, облыста «Жомарт түлек» жобасын жүзеге асырудамыз. Ондағы мақсат – табысты түлектерді өзінің мектебіне, туған ауылының әлеуметтік мәселелерін шешуге, өркендетуге тарту, сондай-ақ, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну. Сонымен қатар, халқымызды бірлікке үндейтін «Асарлатып үй салу жобасын» қолға алған болатынбыз. Ежелден келе жатқан игі дәстүр – асар әдісін қайта жаңғыртқан бұл бастама аясында кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың атсалысып, көптеген мұқтаж отбасыларға үй салып беруде. Біз бірлігіміз бен ұйымшылыдығымыздың, табандылығымыздың арқасында барлық қиыншылықты еңсере аламыз», деді облыс әкімі. Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев облыстық іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Лештаеваны «Жылдың үздік ұйымы» аталымымен марапаттады. Аталған қоғамдық бірлестікпен Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін 500 мың теңгеден астам қаражат жиналып, оған Қайнар ауылындағы 19 отбасына азық-түлік сатып алынған. Ал, балаларды қорғау мерекесіне қаланың қоғамдық бірлестіктерінен 110 балаға жалпы көлемі 1,2 миллион теңгеге сыйлықтар алып берген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен оларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да қамтылған.
Сонымен қатар, «Туған өлке» аталымы Еркінбек Куатбековке табысталды. Ол Талас ауданы, Майтөбе ауылына жалпы құны 18 миллион теңге болатын кіші футбол алаңшасын және 1,2 миллион теңгеге Street workout салып берген. Ал, «Жылдың үздік қамқоршысы» аталымын ағымдағы жылы М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектепке құны 12 миллион теңгені құрайтын «STEM» лабораториясын сыйға тартқан Әбутәліп Мүтәлі иеленсе, «Жыл тұлғасы» аталымымен Ғалия Әбітаева марапатталды. Ол биыл 30 жылға жуық баспанасыз жүрген, төрт ұлынан айырылған қос қарияға және оның екі жетім немересіне үй алып беру мақсатында кайырымдылық акция ұйымдастырып, аталған тұрғындардың баспаналы болуына атсалысқан. Сондай-ақ, коронавирус індетіне байланысты карантин талаптары мен тәртіптерін орнықты орындауға шақырған және көпшіліктің вакцина салулары үшін ел ішінде насихаттау, үндеу жұмыстарын жүргізген. Медициналық және шаруашылық заттар алу үшін тұрғындарға үндеу тастап, 60 миллион теңгеден астам қаржы жинауға ықпал еткен. Сөйтіп, Шу ауданындағы емхана және ауруханаларды жабдықтауға мол үлесін қосқан. Ал, «Жыл меценаты» аталымын Талғат Тұрғымбаев иеленді. Ол Жуалы аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 109 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берген. Оның ішінде заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған реанимобиль, 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын 5000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5000 дана бір рет және көп рет қолданылатын арнайы қорғаныс костюмдері, бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар сияқты қорғаныс құралдарын және 10 дана оттегі концентраторларын алып берген. Жомарт жандарға бұл аталымдарды облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов табыстады. Жеңімпаздарға арнайы дипломдармен қатар, қаржылай сыйлықтар да табыс етілді.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар