Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021

Түркістан облысында екі мыңға жуық оқушы онлайнға көшті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 1777 оқушының сабағы онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы облыстық СЭБД баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында екі мыңға жуық оқушы онлайнға көшті

Департаменттің мәліметінше, жаңа оқу жылы басталғанан бері 16 қыркүйекке дейін облыста 31 мұғалім, 108 оқушы коронавирус инфекциясына шалдыққан.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар барысында науқастармен қарым-қатынаста болған 1777 оқушы, 71 сынып 14 күндік үй карантиніне оқшауланып, оқулары онлайн форматқа көшірілді.

Сондай-ақ облыста 934 білім беру ұйымы 100% «ASHYQ» бағдарламасын енгізілген. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары жаңа оқу жылы қарсаңында «ZOOM» платформасы арқылы мектеп директорлары мен медицина қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша семинарлар өткізген.

«Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда.

ҚР БМСД Қаулысына сәйкес, жауапты қызметкерлер барлық педагогтерге, персонал мен білім алушыларға байланыссыз термометрмен, қолды антисептикпен өңдеу жүргізуді, әр қабатта қолжетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылып, дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қажет», делінген департаменттің хабарламасында.