Оқиға • 17 Қыркүйек, 2021

Екібастұзда кісі өлтірген зейнеткер сотталды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше өзгеге оқ атқан адам сотталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда кісі өлтірген зейнеткер сотталды

65 жастағы зейнеткерге 287-бап, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», сондай-ақ 99-бап, яғни «Кісі өлтіру» бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Екібастұзда Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Павлодар облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі зейнеткердің ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігінде және 287-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

«Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ең жоғары қауіпсіздікті өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», деп хабарлады  баспасөз қызметінде.

Кейінірек сотталушы қарсыласының арқасынан және басынан атқаны белгілі болды. Прокурор айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушілер марқұмның ұлы, қызы және жұбайы ең жоғары жаза шарасын – 15 жыл тағайындауды және әрқайсына 5 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алуды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, кісі өлтіру ойы болмағанын түсіндірді. Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, жалпы сомасы 7 млн теңге өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.