31 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

273 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылы Қа­зақ­­стандағы ауылдарды да­мы­туға 5,6 млрд. теңге қа­­ралады. Өңірлік даму ми­нистрі Болат Жәмішев бұл қар­жының коммуналдық шаруашылық жобалары мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеуге жұмсалатынын жеткізді.

 

Үстіміздегі жылы Қа­зақ­­стандағы ауылдарды да­мы­туға 5,6 млрд. теңге қа­­ралады. Өңірлік даму ми­нистрі Болат Жәмішев бұл қар­жының коммуналдық шаруашылық жобалары мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеуге жұмсалатынын жеткізді.

Биылдан бастап елімізде жыл сайын 10 млн. шаршы метрден астам баспана тапсырылатын болады. Кеше Өңірлік даму министрлігінің алқа мәжілісінде айтылған бұл тұжырым жергілікті әкімдерге тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесімен белсенді түрде айналысу керектігін білдіреді.

2015 жылы Назарбаев Университеті базасында медициналық мектеп ашылады. Ондағы білім толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі. Мұнда сондай-ақ, онкологиялық орталық құру туралы жоспар да бар. Бүгінде бас миының ісіктері, ортақ онкология және балаларға арналған бөлімшелер жұмыс істейді.

Астана түбіндегі Тал­ды­көл сарқын­ды су жинақ­тау­шысын жою жобасы 2016 жылға қарай аяқталады. «Жобаның мақсаты – тазартыл­ған сарқынды суларды Есіл өзеніне жіберіп, Талдыкөл су жинақтаушысының ауданын 2 мыңнан 600 гектарға дейін азайту», деді қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Павел Кулагин.

Оңтүстік Қазақстанда 44,5 млрд. теңгенің 59 ин­вес­­тициялық жобасы­ жү­зеге асырылып жатыр. Кеше­ облыс әкімі Асқар Мыр­зах­метовтің қатысуымен өт­кен кәсіпкерлік және ин­дус­трия­лық-инновациялық даму басқармасының жиынында осы арқылы 5 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу межеленіп отырғаны да айтылды. Мұның қатарындағы жалпы құны 28,8 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба Индустрияландыру картасына енген.

Қостанай облысында прокуратура­ның араласуымен 9000 адам жалақы­ла­рын алды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен облыс прокуроры Марат Қайыбжанов кеше, сондай-ақ, жер телімдерін алу мен игеруге қатысты да бірқатар кемшіліктердің анықталып, олар бойынша нақты шаралар қолданылғанын тілге тиек етті.

Ақмола облысында сүз­бе шығара­тын цех іске қо­сылады. Астананы азық-түлік­пен қамту бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жобаны Ақкөл ауданындағы «Экомилк» ЖШС биылдан бастап жүзеге асырады. Жаңа цех іске қосылғанда 110 адам тұрақты еңбекпен қамтылады.

Өскеменде Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэма­сының орыс тіліндегі нұс­қасы кітап болып шықты. Ақынның аталмыш дастанын Шығыс Қазақстан облысына танымал журналист Қабдылқайыр Құдайбергенов орыс тіліне аударған.

Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер

сайттарының материалдары бойынша дайындалды.