Білім • 18 Қыркүйек, 2021

Алматы облысында 355 оқушы коронавирус жұқтырды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавируспен ауырған оқушылардың саны 583-ке жетті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында 355 оқушы коронавирус жұқтырды

«2021 жылдың 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 583 жағдайы тіркелді.Оның ішінде 214 жағдай жазғы демалыс кезінде, 355 жағдай оффлайн оқыту кезінде және 14 жағдай онлайн оқытуда тіркелген», деп жазылған Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазір облыста 341 сынып карантинге жабылған. 5042 оқушы қашықтан оқып жатыр.

1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша 88 педагог КВИ жұқтырған, оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырған.

«Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары педагогтар, оқушылар, студенттер және техникалық персонал арасында сырқаттанудың күнделікті мониторингін жүргізеді», деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше