Спорт • 18 Қыркүйек, 2021

Токио марафоны 2022 жылға шегерілді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы Токио марафоны биыл өткізілмейді. Бұл туралы жарыстың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Токио марафоны 2022 жылға шегерілді

ҰОК жазуынша, марафон биыл 7 наурызда өтуі тиіс еді. Кейін эпидахуалға байланысты, ұйымдастырушылар оны 17 қазанға ауыстырған болатын.

Кеше турнирдің 2022 жылғы 6 наурызға шегерілгені белгілі болды. Мұның бәрі коронавирусты инфекцияға байланысты орын алған келеңсіздіктерге байланысты екені мәлім. 

2020 жылдың 1 наурызында әйгілі Токио марафоны әуесқойлардың қатысуынсыз өтті. Жарысқа 200 кәсіби спортшы қатысқан.