Кино • 18 Қыркүйек, 2021

Аида Балаева «Қорқыт ата» телехикаясының шығармашылық тобымен кездесті

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қорқыт ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева «Қорқыт ата» телехикаясының шығармашылық тобымен кездесті

«Осы жылдың басында Түркияға ресми сапармен барғанда, бірқатар ортақ келісімдерге қол жеткізген едік. Соның бірі – түркі жұртына ортақ тарихи тұлғалар туралы сериалдар түсіру. Қорқыт ата – түркі әлемінің ең ұлы тұлғаларының бірі, барлық түркі халқына ортақ тұлға, ортақ мұра. Сондықтан бұл туынды тек біздің көрермендерге ғана емес, басқа да елдерде үлкен сұраныс әкеледі деп сенемін. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерін осы жобаға шақырып, әріптестік орнату жөнінде ұсыныс жасадық. Қазір тиісті келіссөздер жүріп жатыр», деді министр А.Балаева телехикаяның шығарашылық тобымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Жоба продюсері - Шолпан Батырбаева. Бас кеңесшісі – өнертанушы, этнограф Берік Жүсіпов.

«Qazaqstan телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың айтуынша, биыл телехикаяның тек сценарийі жазылады.

Отырысқа ғалым, өнертанушы, этнограф, фольклортанушы Тынысбек Қоңыратбаев, профессор, қиносыншы Дәрежан Өмірбаев, журналист, аудармашы, әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, кинотанушы Гүлжан Наурызбекова, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телерадиокорпорация ардагері Қайнар Олжай, өнертанушы, профессор Сағатбек Қалиев, сценарист Бекзат Мырзахмет қатысты.