19 Қыркүйек, 2021

Қытайда жолаушылар кемесі аударылды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясындағы өзенде жолаушылар кемесі аударылып, сегіз адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.

Қытайда жолаушылар кемесі аударылды

Фото: AP Photo / Pat Eaton-Robb

РИА Новости жазуынша, оқиға сенбіде жергілікті уақыт бойынша 16:50-де болған. 40 адамдық кеме Люпаньшуэй қаласының Лючжи арнайы ауданындағы Цзангке өзенінде аударылып қалған.

Нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі хабар-ошарсыз кеткен.

Бүгін таңертең 31 адам құтқарылды. Құтқарушылар сонымен қатар 8 құрбанның денесін судан алып шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаның себебін анықтауда.

Соңғы жаңалықтар