Спорт • 20 Қыркүйек, 2021

Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта IBF белбеуінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.

«Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді», деді Леффлер.

«Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар», деді промоутер.