Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021

Авиация мамандарын даярлайды

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Гинтаус Васюлиспен және осы елдің бизнес өкілдерімен кездесуінде екі елдің көлік ынтымақ­тастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Авиация мамандарын даярлайды

Оның ішінде еліміздің Аза­мат­тық авиация академиясы мен Avia Solutions Group муль­ти­сервис­тік авиациялық хол­дингі арасында ­оқу орталығын құ­ру, сондай-ақ ака­демияны ұш­қыш­тарды оқы­ту ­бойынша Еуро­па­лық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) сертификатын алуға да­йындау мә­селелері қаралды.

«ИКАО және EASA заманауи талаптарына сай келетін бі­лікті ұшқыштарды даярлау – елі­міздің авиация саласының ба­сым міндеті. Қазіргі заманғы авиа­симуляторларда олардың дағ­­дыларын жетілдіру шұғыл жағ­дайларда жедел шешім қа­был­дауын жақсартады. Бұл ұшу қауіп­сіздігіне сөзсіз оң әсер етеді», деді Б.Атамқұлов.

Қазіргі уақытта Қазақстан­ның азаматтық авиациясында 20 мың­­­нан астам қызметкер, оның ішінде 1500-ге жуық ұш­қыш және 2 мыңнан астам инже­нер­лік-тех­никалық маман жұмыс істейді. Салалық болжамдар бойын­ша 2025 жылға дейін елімізге қо­сым­ша 500-дей ұшқыш, 1 мың­ға тарта инженер қажет болмақ.

Айта кетелік, Avia Solution Group – әлемде 100-ге жуық кең­сесі мен өндірістік алаңдары бар жа­һандық аэроғарыштық бизнес-топ. BAA Training (бұрынғы Baltic Aviation Academy және Avia Solution Group еншілес компаниясы) – штаб-пәтері Лит­ва­ның Вильнюс қаласында орна­ласқан, әлем бойынша жұмыс істейтін тәуелсіз авиациялық оқу орталығы. 96 елдің әуе компания­лары – BAA Training клиенттері.

Білім беру ұйымы (АТО) ре­тінде сертификатталған BAA Training ұшақтар мен тік­ұшақ­тар­дың ұшқыштарын және әуе ке­мелерінің түрлері бойынша борт­серіктер, жерде қызмет көр­сететін мамандарды даярлай­ды. Ұшу диспетчерлерін оқы­тады. Компанияның Литвада, Испа­нияда, Қытайда және Вьетнамда 4 ірі оқу орталығы бар және жыл сайын 14 ұшақ түріне 1 мыңға жуық авиация мамандарын даяр­лай алады.