Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Өзбекстандағы президенттік сайлауға алғаш рет әйел қатысады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда президент сайлауына дейін бір ай қалды. Президенттік сайлауға алғаш рет әйел қатыспақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстандағы президенттік сайлауға алғаш рет әйел қатысады

Sputnik Өзбекстан хабарлағандай, Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы 14 қыркүйектегі отырыста алдағы президент сайлауына кандидат әйел - Өзбекстанның халықтық демократиялық партиясынан Максуда Варисованың тіркелуін бекітті. Қазірдің өзінде республикада ресми тіркелген бес партияның өкілдеріне кандидаттық куәліктер табыс етілді.

Максуда Варисова - тәжірибелі дәрігер. Ол көп жылдар бойы денсаулық сақтау жүйесінде, мемлекеттік және қоғамдық басқару органдарында қызмет еткен. Қазіргі уақытта ол азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі Олий Мажлис (Парламент) заң шығару палатасының комитеті төрағасының орынбасары лауазымына ие. Оның сайлаудағы басты бәсекелесі қазіргі Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев болмақ.

Gazeta.uz басылымы хабарлағандай, Максуда Варисова «халық мәселелерін ішкі жағынан білетін қарапайым ана, қарапайым әйел» ретінде қандидатурасын ұсынған.

Алдағы сайлауда дауыс беру процесін 50 елдің және ондаған халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылайды деп күтілуде.