Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Әлемдегі ең қауіпсіз қала анықталды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяхатшылардың қауіпсіздігі ұзақ уақыт бойы басты мәселеге айналған. 2021 жылы «қауіпсіздік» термині сәл өзгеше мағынаға ие болды және Economist Intelligence Unit (SCI) қауіпсіз қалалардың Топ-5 рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі ең қауіпсіз қала анықталды

Бірінші орынды Дания астанасы Копенгаген еншіледі.

SCI сарапшылары қалаларды цифрлық қауіпсіздік, денсаулық қауіпсіздігі, жеке қауіпсіздік пен инфрақұрылымнан экологиялық қауіпсіздікке дейінгі 60 критерий бойынша бағалайды. Соңғы элемент тек 2021 жылы қосылды.

Токио, Сингапур және Осака сияқты Азия қалалары тұрақты түрде бірінші орындарға ие болатын, бірақ жаңа критериймен Копенгаген алға шықты. Ол 100-ден 82,4 ұпай жинады.

«Дания астанасы 2019 жылғы сегізінші орыннан бірінші орынға көтерілді, бұл қала жеке қауіпсіздігімен қатар экологиялық қауіпсіздік бөлімін енгізудің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізді», делінген SCI сарапшылары таратқан мәлімдемеде. 

Ал Канадалық Торонто 82,2 ұпаймен екінші орында, Сингапур 80,7 ұпаймен үшінші орында. Сидней төртінші, ал 2019 жылғы жеңімпаз Токио бесінші орынға ие болды.