Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қайтыс болды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның орталық бөлігіндегі Чхаттисгарх штатында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тауып, тағы жеті адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қайтыс болды

Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Синьхуа хабарлайды.

Мәлімет бойынша, оқиға штаттың әкімшілік орталығы саналатын Райпурден оңтүстікке қарай 188 шақырым жерде, Кондагаон ауданында болған. Моторлы үш дөңгелекті велосипед пен жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысып, велосипедтегі жеті адам сол жерде тіл тартпай кеткен, тағы екеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Олардың ішінде төрт әйел мен бір бала бар. Қайтыс болған тоғыз адамның барлығы бір отбасының мүшелері екен.

Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.