Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

20 қап марихуана сақтаған алматылық ұсталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында өз үйінде 20 қап марихуана сақтаған деструктивті діни ағымның жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 қап марихуана сақтаған алматылық ұсталды

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірге өз үйінде есірткі заты бар 20 қапты заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту барысында деструктивті діни ағымның 49 жастағы жақтаушысынан жалпы салмағы 17,3 келі болатын 20 қап есірткі заты табылып, тәркіленді.

«49 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлігі «Есірткі заттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен Алакөл АПБ УҰИ-ға қамауға алынды», деп хабарлады Алматы облысы ПД УПЭ бастығы Руслан Найзабасов.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді.