Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Түркия Президенті АҚШ-қа барды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркке жетті. Онда ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия Президенті АҚШ-қа барды

Джон Кеннеди атындағы әуежайда Президентті Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу, Түркияның Вашингтондағы елшісі Хасан Мұрат Меркан және басқа да ресми өкілдер қарсы алды.

Түркия мемлекетінің басшысымен бірге Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, сауда министрі Мехмет Муш, мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және Түркиядағы Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым келді.