Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар қалай жазаланады?

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев брифинг барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар қалай жазаланады?

«Жалған «жарылғыш зат» қойылатын нысандар олар көбінесе адамдар көп жиналатын орындар, мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері, көлік инфрақұрылымының объектілері боладыБүгінгі таңда құқық қорғау органдарында мұндай қылмыстармен күресуге барлық мүмкіндік бар, заманауи техникалық құралдармен жабдықталған», деді Дархан Разуев.

Оның айтуынша, қоңырау шалған адам дауысын өзгертсе де, сим-картасы мен телефонын ауыстырса да, ол бәрібір табылады.

«Қылмыстардың 90 пайыздан астамы «ізі суымай» кезекші тәулікте ашылды. Статистикаға сүйенсек, соңғы он жылда осы санаттағы қылмыс едәуір азайды. Атап айтқанда, 2011 жылы 123 факті тіркелген болса, былтыр 50 факті тіркелген. Биыл 8 ай ішінде 52 қылмыстық іс тіркелді, оның 28-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылды», деді ол.

Дархан Разуевтың айтуынша, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады.

«Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары білуі тиіс. Сонымен қатар осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығынды ата-анасы өтейді», деді ол.