Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да қару-жарақ арсеналы тәркіленді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында атыс қаруларын қолдан жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да қару-жарақ арсеналы тәркіленді

«Полицейлер атыс қаруын заңсыз сақтаған күдіктіні тінтіп шықты. Нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді. Олардың ішінде: 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған ойық мылтық, 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі құрамдас бөліктері бар», деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін өз үйінде қолдан жасаған.

«Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және ҚР ҚК-нің 288-бабы «Қаруды заңсыз жасау» бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

1