Оқиға • 20 Қыркүйек, 2021

Ақын Рафаэль Ниязбек өмірден өтті

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіндегі үздік ақындардың бірі болып танылған Рафаэль Ниязбек өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақын Рафаэль Ниязбек өмірден өтті

Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік универсиетінің филология факультетін бітірген.

Рафаэль Ниязбек Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің, Шешенстан Мемлекетік сыйлығының лауреаты, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, Тараз қаласыньң 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері. 

Оқырман жүрегіне жол таба білген ақын Рафаэль Ниязбек жайлы жарияланған мақаланы біздің сайттан оқи аласыздар.