Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секіріп жатыр. Сондай-ақ видео кадрларынан атыс естіледі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, студенттер мен мұғалімдердің кейбірі, ғимараттан шығып үлгерген, ал басқалары аудиторияда жасырынған.
Алдын ала ақпарат бойынша, 11 адам зардап шеккен. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
«Нәтижесінде 5 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер анықталып жатыр.
Күдіктінің жеке басы анықталды. Қамауға алу кезінде қарсыласуына байланысты ол жараланды. Тергеу ол туралы материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды», делінген хабарламада.
Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергелген.