31 Қаңтар, 2014

«Зерденің» зеректері

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

DSC 0096Жыл сайын еліміздің барлық өңі­ріндегі 1-7 сынып оқушылары арасында өтіп келе жатқан республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар жарысы биыл да өз жалғасын тапты. Тоғыз рет болған бұл білім сайысына ұйытқы болып келе жатқан Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-прак­тикалық орталығы екенін айта кетсек дейміз. Конкурстың негізгі мақсаты, оқушылардың арасындағы таланттарды тауып, олардың шығармашылық, зерт­теушілік белсенділігін арттыра оты­­рып, келешегіне дұрыс бағыт беру. Олардың интеллектуалды әлеуетін арттыру да негізгі міндет болып есептеледі.

 

DSC 0096

Жыл сайын еліміздің барлық өңі­ріндегі 1-7 сынып оқушылары арасында өтіп келе жатқан республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар жарысы биыл да өз жалғасын тапты. Тоғыз рет болған бұл білім сайысына ұйытқы болып келе жатқан Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-прак­тикалық орталығы екенін айта кетсек дейміз. Конкурстың негізгі мақсаты, оқушылардың арасындағы таланттарды тауып, олардың шығармашылық, зерт­теушілік белсенділігін арттыра оты­­рып, келешегіне дұрыс бағыт беру. Олардың интеллектуалды әлеуетін арттыру да негізгі міндет болып есептеледі.

Конкурс ережесі бойынша жүл­дегерлер үш кезең негізінде анықталады. Оның біріншісінде оқушылардың өз Отанын сүюі, туған өлкесін ардақтауы, алдыңғы толқынның сенімін ақтау, тағы басқа. Аталған конкурсқа Отанымыздың барлық аймағынан 306 жас зерттеушілер қатысты. Олардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектептерінің де баптаған ұл мен қыздары болды. Конкурсқа белгілі ғалымдар, әдіскер мұғалімдер қазылық етті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, 8 секцияда олардың ғылыми жұмыстары сараланды. Конкурстың нәтижесі бойынша үздік командалар анықталды. Бірінші орынды – Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары алса, екінші орынды – Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Назарбаев зияткерлік мектептері иеленді. Үшінші орын –Ақмола, Қарағанды облыстарымен бірге, Алматы қаласының еншісіне тиді. Жүлдегерлерге дипломдар мен сертификаттар, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар көрікті Көкше өңіріндегі Щучье-Бурабай табиғи-ұлттық сая­бағын аралап көрді. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орта­лығының «Жастар» педагогикалық отрядының ұйымдастыруымен болған концерт қойылымын тамашалап, келер жылы осындай білім сайысында бас қосамыз деп тарасты.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар