$12009 жылы Қазақтан чемпионы атанып, Азия чемпионатында қола жүлде алды.
-Дәурен туралы айттыңыз. Қазіргі таңда ұлттық құраманың капитаны болып жүрген Даниярды қалай боксқа баулыдыңыз? Оның боксқа деген ынтасын қалай байқадыңыз? -Боксқа негізінен 10 жастан алынады. Ал бірақ Данияр ерте айналысып кетті. 8 жасынан бастап, Дәуренге жаттығу жүргізіп жатқан кезде залға келіп жүреді. Ілініп тұрған қапты ұрады. Бір күні 1989 жылы туған,бокспен алты айдай айналысып жүрген балаларға спарринг жасатып жатқанмын. Бойы кішірек бала болған. Бір кезде Данияр қасыма келіп: «Әке, мен мына баламен шаршы алаңға шығайыншы», деді. Ой, балам қой, оның сенен жасы үлкен, алты ай шұғылданып жүр, сен әлі айналысып жүрген жоқсын дедім. Жалынып, шығайыншы деп болмай қойды. Жарайды деп шығардым. Қарасам, Данияр соққы өткізбейді. Артқа шалқайғанда, қарсыласының қолы жетпей қалады, қарсы соққы жасап үлгеріп жатты. Осыны көргеннен кейін, айналысып жатқан топқа қосып қойдым. -Көп ұзамай алғашқы жетістіктерге де жете бастады ма? -2004 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатына қатысып, чемпион болды. Ең бірінші рет бапкерлердің көзіне түскен еді. 2006 жылы өз салмағында Қазақстан чемпионы атанды. Жасөспірімдер құрамасына алынды. Азия чемпионатынан алтын медаль алып келді. Одан кейін кадеттер арасында әлем чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатының үздік боксшысы атанып келді. Данияр 2007 жылы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола алды. 2008 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. -Кез келген адам өзін-өзі жетілдірумен айналысу керек. Солай ғой. -Әрине, міндетті түрде бір орында тұра бермей, біліміңді, біліктілігіңді жетілдіру қажет. Мәселен, жарыстарға барып, оқу-жаттығу жиындарында жүргенде тәжірибесі мол Нұрғали Сафиуллин, Дамир Буданбеков сияқты кісілердің істегенін көріп көп нәрсе үйренесін. Тәжірибе сондай кезде жинақталады. -Марат аға, екі ұлыңызды кішкентайынан жаттықтырып келесіз. Әрі әке, әрі бапкерісіз. Сізден артық қос спортшыны ешкім білмейді. Екеуінің шаршы алаңдағы қимылдарын сипаттап берсеңіз. -Екеуі екі түрлі. Данияр техникалық жағынан шебер болатын болса, Дәурен күшке иек артады. Екеуінің мәнері екі бөлек. Даниярды тура Дәурен сияқты жаттықтыратын болсам, Даниярдан бүгінгідей боксшы шықпай қалушы еді. Дәурен қуатты, Даниярға қарағанда бұлшық еттері өзгеше. Данияр соққы өткізбей, қимылдағанды жақсы көреді. Дәурен өзі бір соққы өткізсе, екі соққымен жауап қайтарғанды ұнатады. Уақытынан бұрын қарсыласын құлатып тастауды қалайды. Данияр өте сезімтал, қарсыласы ұрмай жатып қалай ұрайын деп жатқанын байқап үлгеретін қасиеті бар, қабілеті жоғары. -Сіз қандай бапкерсіз? Қаталсыз ба? -(Ойланып барып) Қаталдығым да бар? Қатал болатын жерде қаталмын. Талап қоятын жерде талап қоямын. Қазір көшеде баланы қызықтыратын нәрсе көп. Талап етпесең, сәл қатал болмасаң, баланы жоғалтып аласын. Қалада қыдыратын жер көп. Түнгі клуб дегендей. Сондай жерлерге бармауға шек қоюға тура келді. Екеуі де одан аулақ. Ондай жерлерге бармайды. -Ұлттық құрама команданың бапкерісіз. Қазір қандай дайындық жүріп жатыр? -Ақпанның бесінде Астанада оқу-жаттығу жиыны басталады. Бірлескен жаттығуға Ресей, Англия құрамалары келеді. Сосын елордада төрт құраманың мачтық кездесулері өтеді. Оған жаңа аталған үш құрамадан басқа Өзбекстан боксшлары қатысады. Таулы аймақта жаттығу жиынын жасап келдік. -Елеусіновтер әулетінде екі боксшы, бір бапкер бар. Жаттығудан үйге келгенде, бокс туралы сөйлесіздер ме? Әлде басқа тақырыптарды әңгімеге арқау етесіздер ме? -Көбіне бокс. Оралда Сәкен деген досым бар. Сол жолдасым балаларына: «Марат ағаның үйіне барамыз, жүріңдер» десе, баласы бармаймыз деп айтады екен. «Өй жүріңдер. Дәурен, Даниярлармен ойнайсыңдар» десе балалары: «Олар ойнамайды, олар тек бокстаса береді» дейді екен (күліп). -Қызықты оқиғаны еске түсіре аласыз ба? - Дәурен төрт жасында қолын сорпа күйдіріп алған еді. Содан кейін өзіміз оны киіндіріп, жүретінбіз. Соған үйреніп кеткен қой. Жаттығуға баратын болса, сөмкесі дайын тұрады. Анасы не керек, бәрін дайындап қоятын. Соған әбден үйреніп алған. Бір күні, жаттығуға қолына байлайтын бинтсіз келіп тұр. «Бинтің қайда?» деп сұрасам, «Ой, анам салуға ұмытып кетпі» дейді (күледі). -Данияр мен Дәуренді, өзіңізді спорт сүйер қауым жақсы біледі. Ал қос чемпионның анасы, отбасының өзге де мүшелері туралы айтып берсеңіз? -Екі ұлымның қол жеткізген жетістігіне жұбайым Ғалияның қосқан үлесі зор. Тамақтарын, жаттығу киімдерін дайындайды. Тіпті бинттеріне дейін жуып, әзірлеп қояды. Сол балалардың жағдайын жасап отыру үшін, мұғалімдік қызметінен де кетті. Қазір үйдің шаруаларымен айналысады. Алматы облысының тумасы, өзім Батыс Қазақстан облысынанмын. Алматыда жүргенде таныстық. Биыл құда қаласа, отасқанымызға 30 жыл болады. Қызымыз бар. Есімі - Динара. Қазір тұрмыста. Биге әуес болды. Түрлі байқауларға қатысып, жүлделер алып жүрді. Жоғарғы оқу орнында хореография бойыншы білім алды. 2007 Астанаға көшіп келдік. Қызымыз осында мемлекеттік «Наз» би ансамблінде жұмыс істеді. Қазір ішкі әскердің ансамблінде. Дәурен 2010 жылы үйленді. Екі немереміз бар, үлкені ұл 3 жаста, кішісі қыз. 5 айлық. -Ғалия апайымыз, ұлдардың шаршы алаңдағы өнерлерін тамашалай ма? -Осы Астанада болатын жарыстарды қалт жібермейді. Жанкүйер болып отырады. Боксшылардың аты-жөнін, жетістіктерінің бәрін біледі. Басты жанкүйеріміз деуге де болады. -Немере тәтті ғой, аға. Ата болған қалай екен? Боксшы боламын дей ме? -Оқу-жаттығу жиынынан келгеннен кейін, соны сағынып келемін. Алыста жүргенде телефонмен сөйлесемін. Немере өте ыстық болады екен. Әбілмансұр немеремнің ойыны да бокс. Даниярдың 14-15 жаста киген боксшының аяқ киімін, үстіндегі киімін киіп алып, бокс залына барады. Оны шешпейді. Жылап сөмкесіне салып алады. Анда барып киемін дейді. Залда қолын бинтпен орап алып жүреді, соққы жасайды. Боксшы болам десе, еш қарсылығым жоқ. Бокс та өнер ғой. Данияр айтқандай, бокс ол төбелес емес, ол нағыз өнер. -Марат аға, өкінетін, «қап, әттең» дейтін кездеріңіз бар ма? -(Көп ойланып барып) Бар ғой..... Дәуренді жаттықтырғанда былай істеуім керек еді, былай жасауым керек еді деп, кейін сол кезде жіберген қателіктерімді Даниярды жаттықтырғанда жібермеуге, түзетуге тырысасын. Дәурен сол кезде Қазақстан чемпионы бола тұра, жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмады. Сол кезде бір әрекет жасауым керек пе еді деп ойлайсын. Бірақ, Аллаға шүкір. Бұйырған кетпейді дейді ғой. Бұйырмаған нәрсе, тіпті қалай тырыссаң да болмайды. -Бапкер тек спорттың қыр-сырын өз тәрбиеленушісінің бойына сіңіріп қана қоймай, әр кезде қолдай көрсететін психолог та болу керек қой? -Әрине. Жеңілістен кейін еш уақытта Дәуренге де, Даниярға да ұрысқан емеспін. «Бәрі жақсы, бәрі дұрыс балам. Ештеңе етпейді, кейін анализ жасаймыз» деп балаларды жұбатамыз. -Балаларыңыздың қатты уайымдап, қиналған сәттері болған шығар, аға? -Даниярдың қатты қиналған сәті Олимпиадада қол созым жерде медальдан айырылып қалған кезі. Ширек финалда итальян боксшысына жол берген еді. Бірақ бір жылдан кейін, Алматыдағы әлем чемпионатында есесін қайтарды. Жарыстардың бәрін таспаға жазып алуға тырысамыз. Қарсыластарын қимылын, өздерінің жүргізген боксын үшеуіміз отырып қараймыз. Сараптама жасаймыз. -Осындай сараптама жасау біздің ұлттық құрамада тәжірибеде бар емес пе? Алматыдағы әлем чемпионатына солай әзірлік жасадыңыздар ма? -Бұл тек Алматыда өткен әлем чемпионатының алдында ғана емес, ұлттық құрамаға бас бапкер болып Мырзағали Айтжанов келгеннен бері қолға алынған дүние. Барлық оқу-жаттығу жиындарында, бос уақыт кезінде теориялық сабақ өткізіледі. Әр салмақтағы барлық спртшыларды қарап шығып, қателіктерін, ұтымды жақтарын талқыдан өткіземіз. Әр спортшыға көрсетіп, үйретеміз. Ұрыс тактикасын түсіндіріп, оған қалай қарсы тұру керектігі айтылады. -Бапкердің бір күнін алып қарасақ. Күн тәртібіңіз қандай? -Оқу-жаттығу жиынынан бос кезімді алатын болсақ, қыстыкүні қар жауса, ерте тұрып ауладағы қарды күрейміз, жазда бау-бақшамен айналысамын. Бос уақытымды немерелеріме арнаймын, солармен өткіземін. Енді көбіне оқу-жаттығуда жүргендіктен, ол жақта күн тәртібі қатаң болатыны белгілі. Таңғы 7:45-те сапқа тұрамыз, міндетті түрде спортшылармен бірге әнұран орындаймыз. Сосын таңғы жаттығулар. Жаттығу жасап, жаяу серуендейміз. -Бапкерліктен жалыққан кездеріңіз болды ма? -Жоқ. Алда әлі жетпеген белестер, орындалмаған мақсаттар бар. Соларды орындамай жатып, соларға жетпей жатып, шаршасаң қалай оған жетесің?! -Егер 30 жылға артқа оралып, алдыңызда таңдау тұрса, осы бапкерлік жолды қайта таңдар ма едіңіз? -Таңдар едім. Сол кезде жіберген қателіктерді болдырмай, осы жолды таңдар едім. Ұстаз болу тұқымымызда бар. Әкем 43 жыл ұстаз болған кісі. Балуан болған адам, жастық шағында күрескен. Содан біреудің қабырғасын сындырып, ол әкемізді сотқа берген (күлді) содан ешкіммен күреспеймін деп уәде берген. -Кітап оқисыз ба? -Оқу-жаттығу жиынына кеткенде кітап оқимыз. Данияр да кітаптар алып кетеді. Осы соңғы оқу-жаттығу жиынында Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдер жинағын оқыдым. Данияр «Абай жолы» кітабын оқып жүрген. -Аға, өзіңіздің бойыңызда біз білмейін қандай қасиеттеріңіз бар? -Бұрындары аздап домбыра шертіп, гитарада ойнап, ән айтатынмын. Өзім солақаймын, домбыраны да, гитараны да солақай шертетінмін. Қазір оны қойып жүрмін. -Марат аға, уақыт бөліп, бізге сұхбат бергеніңізге көп рахмет. -Сіздерге де көп рахмет! Әңгімелескен, Жігер Азбергенов. Дереккөз: confederation.kzОнлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10