Бұл орталықтың арқасында енді қазақстандық мектеп оқушылары шетелде тегін білім ала алады. Ол үшін тіл мектебінің мамандары, біріншіден, талапкерге ағылшын тілін үйретсе, екіншіден, шетелде оқуға ниет білдірген оқушыларға құжат дайындау, грантқа түсу, стипендияға өтініш беру сияқты процестік жұмыстармен айналысады.
Маржан Нұрлыбекқызы, тіл орталығының жетекшісі:
«Орталық қазақтілді аудиторияға бағытталған. Соңғы уақыттағы сұранысқа назар аударсам, бұрын қалалық жердегі ауқатты отбасылардың балалары шетелге жиі барса, қазір өңірлерден шыққан дарынды балалардың саны артып келеді. Соның нәтижесінде IELTS-тен жоғары балл алып, грант ұтып, шетелге кету үрдіске айналған», - дейді.
Әлемдегі эпидахуал есебінен болған үзілісте көпшілік өзін дамытуды, шет тілін үйренуді қолға алды. Сонымен қатар, пандемияға қарамастан шетелдік ЖОО-да оқуды мақсатты жоспарлағандар бар. Бұған Marzhan’s Online School-дың 2021 жылдағы 8 айлық көрсеткіші дәлел. Себебі цифрларға сенсек, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 30 қазақстандық Еуропаның университеттерінің студенттері атанған. Оның 95%-ы әртүрлі өңірден болса, тек 5%-ы – қала жастары.
«Біз студент орталыққа келген күннен бастап оның талғамы мен сұранысына сәйкес келетін Франция, Германия мен Италиядағы оқу орындары іздестіріп, студенттің оқуға қабылдану кезеңдерін ұйымдастырамыз».
Талапкер Еуропадан ресми түрде шақыру келгенге дейін тек 400 евро төлейді. Ал оқуға түскені расталған соң клиент орталыққа барлық жұмысты ұйымдастырып, құжаттарды рәсімдегені үшін 400 евро көлеміндегі қосымша қаражатты ұсынады. Бұл кезде талапкер ендігі Франция, Германия не Италиядағы беделді, жоғары деңгейлі оқу орындарының біріне тегін білім алуға аттанады.
«Қазақстандық үздік ЖОО-да оқу үшін ең кем дегенде жылына 850 мың теңге керек. Ал біздің көмегімізбен талапкерлер шамамен осындай қаражатқа әлемнің жетекші университетінде тегін оқиды», дейді Маржан.
Осылайша, Marzhan’s Online School-ға жүгінген студент Еуропада тегін оқи алады. Бұған қоса, орталық талапкердің 12 айда 2 миллион теңге көлемінде шәкіртақы алатынына да кепілдік береді.
«Иә, сіз нарықта осындай жүздеген жеке мектеп пен тіл орталықтары бар деуіңіз мүмкін. Алайда біздің орталықтың басқалардан ерекшелігі: біз өзіміз жоғары оқу орындарын іздеп, барлық құжаттарды дайындап, тест тапсыру мен клиенттің Еуропаға көшуін ұйымдастырамыз. Бір қарағанда бұл «Болашақ» (мемлекеттік стипендиялық бағдарлама - ред.) бағдарламасына ұқсайды деп айтуға болады. Бірақ біздің жағдайда грантты өтеу деген мүлдем жоқ. Студент бұған міндеттелмейді».
Орталықта оқытқан студенттердің саны 3000-ға жетті. Олардың көпшілігі – шетелдіктер. Студенттерді дайындау 10 адамнан тұратын ұжымға жүктелген: 5 кәсіби мұғалім және 5 менеджер.
«Нәтижесінде біз оқуға түсудің барлық кезеңін өз жауапкершілігімізге аламыз: сіздің балаңыз біздің орталықта тілдің қарапайым негіздерін үйренуден бастап, Еуропада тегін білім алуға дейінгі аралықта көмектесіп, шетелдіктермен дұрыс қарым-қатынас ортанып кетуіне де жәрдем береміз. Бұл баласын шетелде оқуға дайындайтын ата-аналардың жұмысын едәуір жеңілдетеді. Себебі барлық жұмысты орталық мамандары істейді».
Тіл орталығына күн сайын шетелде оқуды армандайтын балалар келеді. Жоба көпшілікке ауқымды түрде жарнамаланбаса да, жастардың көбі орталық туралы бір-бірлерінен естіп, орталықтың есігін жиі қағады.
«Менің ойымша, бұның бәрі сенімге байланысты. Шыны керек, таңғалам. Келген оқушылар мен олардың ата-аналары: «Сіз қазақша білесіз, тіпті ауылда өскенсіз. Біз сізге сенеміз», дейді. Бұндай сөзді есту бір жағынан, құлаққа өте жағымды, алайда екінші жағынан, бұл мен үшін де, орталық ұжымы үшін де үлкен жауапкершілік».
Тіл курстарына тоқталсақ, топтық сабақтарға қатысу – 12 мың теңге. Орталықта IELTS-тан жоғары балл алған мұғалімдер ғана жұмыс істейді. Ал сабақтар қазақ және ағылшын тілдерінде speaking club форматында жүргізіледі. Мамандардың бақылауынша, талапкердің ең басты қорқынышы – күнделікті өмірде ағылшын тілінде сөйлеу.
Расында, «шетелде оқудың бірінші талабы – шет тілін білу» екенін ескерсек, Marzhan’s Online School-дың бұл жүйесін түсіну оңай. Себебі аталмыш мектепте бірінші ағылшын тілін жоғары деңгейде оқытады, екінші кезекте Еуропада тегін білім алып, стипендия алуға көмектеседі.