Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде төрт көлік жол апатына ұшырады

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жол апаты салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде төрт көлік жол апатына ұшырады

Lexus Rx330 автокөлігінің жүргізушісі Сәңкібай батыр даңғылымен жүріп, 101 көше қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы бағыттағы Toyota Аvensis автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы қозғалысқа арналған жолақтағы Hyundai Solaris автокөлігімен соқтығысқан.  Ал ол соқтығысуынан қозғалыс бағытын өзгертіп, Hyundai Elantra көлігіне соғылды.

Жол апаты салдарынан Hyundai Solaris жүргізушісі мен жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі «ЖҚЕ бұзу» бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.