Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021

Қазақстанның сұрауы бойынша Польшада ресейлік азамат ұсталды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WEX криптовалюталық биржасының бұрынғы басшысы Дмитрий Васильев Польшада ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазақстанның сұрауы бойынша Польшада ресейлік азамат ұсталды

«Біздің мәліметтеріміз бойынша Дмитрий Васильев Интерпол процедурасы аясында Польша аумағында ұсталды», деді Варшава аудандық прокуратурасының өкілі.

Агенттіктің сұхбатшысы сұрау салуды Қазақстан жібергенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта поляк тарапы бұл мәселені зерттеп жатыр, бірақ шешім әлі қабылданған жоқ. Оған қатысты уақытша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген хабарламада.

Васильев биткоиндер мен басқа да криптовалюта саудасы жүргізілген WEX биржасының жетекшісі болған.

Ол Еуропалық Одақ пен әлемнің басқа аймақтарындағы инвесторларға тиесілі ақшаның 450 миллион доллар көлемінде жоғалып кетуіне қатысы бар деп күдікке ілінген.